ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2018 | 09:04
Атырауда студент пен мектеп оқушысын зорлаған ер адам ұсталды
Атырауда зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген 24 жастағы күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген 24 жастағы күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Зорлықтың құрбаны жап-жас қыздар болған.
Полицейлердің мәліметі бойынша, ер адам әйелдермен әлеуметтік желіде танысқан. Олардың кейбірі ашық суреттерін да жіберген. Кейін жігіт қыздар онымен сексуалдық байланысқа түспесе, фотолары мен жазысқан хаттарын Интернетке саламын деп бопсалаған.
Осылайша бір жыл бойы қылмыскер құрбандарын қолданған, олардың қатарында 18 жастағы студент пен 15 жастағы мектеп оқушысы да бар. Дәл осы қыздар ата-аналарына барлық мән-жайды айтуды ұйғарған, ал олар өз кезегінде құқық қорғау органдарына жүгінген.
Бүгінде айыпталушы тергеу изоляторында отыр. Оған қатысты "Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану" бабы бойынша соталды тергеу басталды.
Показать комментарии
Читайте также