22 қазан 2022 | 08:48

Атырауда ұры өзін қылмыс үстінде ұстаған әйелді өлтіріп кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© elements.envato.com

Атырауда ұры өзін қылмыс жасау кезінде ұстап алған 59 жастағы әйелді өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда ұры өзін қылмыс жасау кезінде ұстап алған 59 жастағы әйелді өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Адам өлімі 19 қазан таңертең Өркен шағынауданындағы саяжайлардың бірінде болған.

Басылым мәліметінше, отбасы мүшелерінің барлығы жұмысқа кетіп, әжесі немересін мектепке апарып, үйіне қайтып келгенде, ол үйде белгісіз ер адам жүргенін, үйді тонап жатқанын көреді. Ұры егде әйелдің үстіне секіріп, оны буындырып өлтірген.

Реклама
Реклама

Мәйітті отбасы мүшелері түскі уақытта тауып, полиция шақырған. Үйден зергерлік бұйымдар мен басқа да бағалы заттар жоғалған.

Бұл деректі Атырау облыстық ДП баспасөз қызметі растады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыскер іздестіріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная