Атырауда VIP-нөмірлер жалған түбіртекпен сатып алынған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Атырау қаласының прокуратурасы VIP нөмірлерді жалған түбіртекпен сатып алғандарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қаласының прокуратурасы VIP нөмірлерді жалған түбіртекпен сатып алғандарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жоғары сұранысқа ие нөмірлерді сатып алу кезінде жалған түбіртектерді пайдаланып, мемлекет пайдасына залал келтірген.

Сатып алынған нөмірлердің сомасын тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам қаражат бюджетке түспегендігі белгілі болды. Яғни VIP нөмір сатып алғандар төлем жасарда жалған түбіртектер қолданған", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша қала прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен және 345-бабының 3-бөлігімен соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама