ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2019 | 09:54
Атыраудағы атышулы төбелес ісі: полиция қызметкерлері сотталды
Атырау облысы Құрманғазы аудандық соты кәсіпкерді соққыға жықты деп айыпталған екі полицейге қатысты үкім шығарды. Былтыр қазан айында төбелестің видеосы Желіде жарияланғаннан кейін көпшіліктің назарын аудартқан, - деп хабарлайды "Ак Жайык".

Бұл оқиға 2018 жылдың 1 маусымында Құрманғазы аудан орталығында "Сушняк" дәмханасында болған. Полиция майоры Әміржан Ертаев пен Құрманғазы аудандық ішкі істер басқармасының басшысының орынбасары Жасұлан Мұқашев дәмхананың қожайыны Нұрсейіт Аруовқа күш көрсеткен. Ол полиция қызметкерлерінен жасаған тапсырыстың ақшасын төлеуін сұраған.
Осыдан кейін Мұқашев қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін жазаланған. Ертаевқа қатысты "Бұзақылық" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Ол сотта процестік келісімге келіп, кінәсін мойындады. Сот Ертаевты бір жылға бас бостандығынан айырып, оны майор лауазымынан айырды. Оған қоса экс-полицей жәбірленушіге 32 теңге материалдық шығын және моральдық шығын ретінде 200 мың теңге өтеуі тиіс.
Показать комментарии
Читайте также