Атыраудағы отбасының өлімі: прокурор Сұлтан Сәрсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Атыраудағы отбасының өлімі: прокурор Сұлтан Сәрсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады Фото © Tengrinews.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамның өліміне қатысты атышулы іс бойынша тараптардың жарыссөзі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев өзінің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отыр. Қайғылы оқиға 2025 жылдың аяғында Атырау облысының Жангелдин ауылында болған.

Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы соттан сотталушыны Қылмыстық кодекстің бірқатар баптары бойынша кінәлі деп тануды және оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады.

Жарнама
Жарнама

"Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөлігі негізінде Сұлтан Сәрсемалиевке түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын", - деді прокурор.

Фото Tengrinews.kz

Бұдан бөлек, айыптау тарапы өзге де тағылған баптар бойынша жаза тағайындауды, сотталушыдан Жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК, процестік шығындар ретінде 2 512 128 теңге өндіріп алуды, сондай-ақ күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Сәрсемалиевтің өзі Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтіру эпизоды бойынша айыпты мойындамады.

Сот жарыссөзі аяқталғаннан кейін сотталушыға соңғы сөз беріледі, содан кейін сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

Еске салайық, 30 маусымда прокурорлар Сұлтан Сәрсемалиевке тағылған айыпты өзгертіп, толықтырды: тергеу оған кісі өлтіру эпизодтары бойынша жаңа саралау белгілерін, сондай-ақ туыстары қайтыс болғаннан кейін әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды заңсыз алу бойынша алаяқтық айыбын тақты. Сонымен қатар, эпизодтардың бірі алаяқтықтан мал ұрлығына қайта сараланды. Қалған айыптаулар өзгеріссіз қалды.

Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісінде тағылған айыптар толықтырылды

Сотта айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Ол Мейрамгүл Қарабалинаны, сондай-ақ жұбайының әкесі мен анасын қасақана өлтіргенін растады.

Дегенмен, сотталушы Наурыз Мұқанғалиевті өлтіру алдын ала жоспарланбағанын алға тартты. Сәрсемалиевтің айтуынша, ол жәбірленушінің өзі арандатқан жанжал кезінде өзін-өзі қорғау мақсатында оған жарақаттар салған.

"Тазару үшін Меккеге бардым". Сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің қанды қылмыстан кейінгі бағыты айтылды

Сұлтан Сәрсемалиев - Атырау облысында қаралып жатқан атышулы қылмыстық істердің бірінің фигуранты.

Бұған дейін бірнеше ай бойы хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген марқұм отбасының суреті

Тергеу мәліметінше, бірінші кісі өлтіру оқиғасы 2025 жылдың мамырын болған, содан кейін айыпталушы қылмыс іздерін жасырып, қаза тапқандардың мүлкін иемденуге тырысқан.

Әрі қарай, іс материалдарында көрсетілгендей, ол айналасындағыларды адастыру және жағдайды олардың атынан басқаруды жалғастыру үшін құрбандардың телефондары мен банктік деректерін пайдаланған. Тергеу нұсқасы бойынша, кейбір эпизодтар қаза тапқандардың мәйіттерін жасырумен, сондай-ақ елден қашу әрекетімен байланысты. Айта кетейік, ұзақ уақыт бойы қаза тапқан отбасы хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болған.


Фото Атырау облыстық ПД

Еске сала кетейік, сотталушының жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің қазасына қатысы жоқтығына байланысты оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған болатын. Психиатриялық сараптама нәтижелері бойынша әйел серпінді бақылау мен дифференциалды диагностикаға мұқтаж. Бұған дейін ол күйеуімен бірге халықаралық іздеуде болып, Индонезиядан экстрадицияланған еді.

Айта кетейік, бұл атышулы істі бұған дейін Яна Легкодимованың өліміне қатысты резонанстық іс бойынша үкім шығарған судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр. Ол іс бойынша екі айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама