1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Атыраулық жүргізуші айыппұл арқалаған соң жол белгісінен өш алған

Видео кадры Видео кадры

Атырау қаласының 49 жастағы тұрғыны айыппұл арқалап, артынша өшін жол белгісінен алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД өкілдеріне сілтеме жасап.

Ұсталған ер адам жол белгісі үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болған, сөйтсек, ол жол белгісін байқамай қалған болып шықты. Volkswagen жүргізушісі көлікті көше ортасында тоқтатып, жол белгісін қиратқан.

"Мұның алдында учаскені патрульдеу кезінде Атырау полицейлері жол белгісінің талаптарын орындамағаны үшін әлгі жүргізушіге тиесілі Volkswagen көлігінің мемлекеттік нөмірін алып кеткен. Патруль, әдетте, алдыңғы әйнекте тәртіп бұзушылық туралы хабарлама қалдырады. Жүргізуші сол нөмірге хабарласып, айыппұлын төлеп, нөмірін қайтарып алған. Алайда артынша жол белгісінен өш алуға бел буған", - делінген ПД таратқан хабарламада.

"Ер адам бұзақылық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті баспасөз қызметі өкілдері.