07 қыркүйек 2020 | 09:21

Атыраулық полицейлер екі жыл бойы жасырынып жүрген ер адамды ұстады

Атырау қаласының полицейлері 2 жыл жасырынып жүрген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды ATP Press

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау қаласының полицейлері 2 жыл жасырынып жүрген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды ATP Press

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2018 жылдың қарашасында қала тұрғыны полицияға шағым түсірген. Ол дөңгелек жөндеу орталығында машина мен контейнер сатып алуды ұсынған адаммен танысқан. Сатушы жәбірленуші мен оның таныстарынан аванс ретінде 400 мың теңге алып кеткен. Алайда не көлік, не контейнерді де алып келмеген. Уақыт өте келе жәбірленуші ер адаммен байланыса алмаған. Ер адам алданғанын түсініп, полицияға шағымданған.  

Реклама
Реклама

"Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел қызмет өкілдері қылмыс жасаған күдіктіні анықтады. Ол - Атырау қаласының 35 жастағы тұрғыны. Тексеріс кезінде ол өзгенің мүлкін сатпақ болғаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды. Жақында екі жыл бойы жасырынып жүрген күдікті Шығыс Қазақстан облысынан табылды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - дейді Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная