15 сәуір 2022 | 13:04

Атышулы Hasta La Visa ісі Алматы сотында қаралады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Алматы прокуратурасы атышулы "виза беру орталығы" Hasta La Visa бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл туралы Алмалы ауданының прокурорлары Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы прокуратурасы атышулы "виза беру орталығы" Hasta La Visa бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл туралы Алмалы ауданының прокурорлары Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органы мәліметінше, "Hasta La Visa" ЖШС қызметкерлері виза беру және шетелде оқу қызметтерін көрсету сылтауымен клиенттердің қаражатын жымқырған. Алаяқтық әрекет құрбаны болған 211 азамат қылмыстық іс бойынша жәбірленуші саналады.

"Іс бойынша келтірілген залал 180 миллион теңгеден асты. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылар қамауға алынды. Компанияның мүлкі мен шоттарына тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, "Hasta La Visa" ЖШС басшылығы күдікті деп танылғаны айтылды. 
 
Былтыр күзде БАҚ ондаған қазақстандық Hasta La Visa "виза беру агенттігінің" құрбаны болғанын жазған болатын. Бұл компания көмегімен тұрғындар АҚШ-та жұмыс істеп, жаңа өмір бастауды жоспарлаған, бірақ соңында салған ақшасынан айырылып қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная