Атышулы қарасора ісіне қатысы бар полиция басшылары қызметінен айырылды

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қызылорда облысында қарасора өсіруге қатысты шулы істен кейін бірнеше полиция бастығы қызметінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов мәлімдеді.

Қызылорда облысында қарасора өсіруге қатысты шулы істен кейін бірнеше полиция бастығы қызметінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов мәлімдеді.

"Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бұрынғы бастығы Мырзахасимов 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында ірі көлемде марихуана және жауынгерлік атыс қаруын сақтаған Қызылордадағы басқа тағы бір қылмыстық топ әшкереленді. Тінту кезінде 12 келіден аса есірткі табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы ПД басқармасының бастығы мен қоласытындағы қызметкері қылмыстық жауаптан жалтаруға көмектескені үшін жеті миллион теңге пара алып жатқанда ұсталды. Іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жақын арада іс сотқа жолданады", - деді Саданов.

Оның айтуынша, іс бойынша айыпталушылар жұмыстан шығарылған. Ал Қызылорда облысы ПД басшысының орынбасары және тағы үш басшы қызметтен босатылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама