Атышулы тонау оқиғасы: жерді қазып, зергерлік дүкенге кірген екі астаналық сотталды

viewings icon 638
comments icon 0
Фото:instagram.com/step_notsleep Фото:instagram.com/step_notsleep

Степногорскіде жерді қазып зергерлік дүкенге кірген қарақшылар сотталды. Аса ірі көлемдегі ұрлық үшін екеуі 13 жыл жазаны бөліседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Степногорскіде жерді қазып зергерлік дүкенге кірген қарақшылар сотталды. Аса ірі көлемдегі ұрлық үшін екеуі 13 жыл жазаны бөліседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, таныстар туннель қазып, едендегі тесік арқылы құны 71 миллион теңге болатын 1 365 алтын бұйымдарды алып шыққан. Полиция оларды ұстағанда, барлығын сатып үлгерген. Бірақ ақшаны жартылай ғана жұмсаған. Сот отырысында ұрылар кінәсін мойындап, өкінді. Алайда біреуі алты жыл, ал екіншісі жеті жыл түрмеде отыруы керек. Екеуі дүкен иесіне тағы 30 миллион теңге қайтаруы керек.

Реклама
Реклама

Еске салайық, олар былтыр мамырда қалалық базар маңында орналасқан зергерлік дүкендердің біріне тонауға түсіп, қылмыс жасаған болатын.

Астанада екі күдікті ұсталды, олар 1977 және 1988 жылы туған елорда тұрғындары. Олардан айғақ заттар, телефондар, құралдар мен көлік тәркіленді.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная