Атырау ІІБ басшысының орынбасары парамен ұсталды

Атырау ?алалы? ІІБ басшысыны? орынбасары мен к?ші-?он ?ызметіні? б?лім инспекторы пара алды деген к?дікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? ресми ?кілі Жанна Бастарова?а сілтеме жасап.

Атырау қалалық ІІБ басшысының орынбасары мен көші-қон қызметінің бөлім инспекторы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми өкілі Жанна Бастароваға сілтеме жасап.

Атырау облыстық Антикоррупциялық қызмет Атырау ІІБ басшысының орынбасары, полиция подполковнигі және осы басқармадағы көші-қон қызметінің бөлім иснпекторы, полиция майорына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. 

"Лауазымды тұлғалар мамырдан тамызға дейін шетелдік азаматтар еш кедергісіз жұмыс істеуге рұқсат алуы үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Өзбекстан Республикасының азаматтарына жұмыс істеуге рұқсат беру үшін олар қаржылай және тауар түрінде 213 000 теңге алған", - деді Жанна Бастарова брифинг барысында. 

Реклама
Реклама

Тінту барысында күдіктілерден 80-нен аса шетелдік азаматтың құжаттары және 600 мың теңге тәркіленген. 

Өз кінәсін толықтай мойындаған олар қамауға алынған жоқ.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама