Атырау облысында ер адам көше бойында бір жігітті зорламақшы болды

Атырау облысында ер адам көше бойында бір жігітті зорламақшы болды ©Telegraf.nl

Атырау облысында ер адам көшеде кетіп бара жатқан жігітті&nbspзорламақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі&nbspҚұрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын-ала тергеудің мәліметінше, арақтың қызуымен ер адам түнгі сағат төрттердің шамасында өз жөнімен кетіп бара жатқан жігітке ұрынып, әуелі ұялы телефонын тартып алады да, одан кейін оны ұрып-соғып, жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлейді. "Санасын сасық ой билеген нәпсіқұмардың зымиян әрекетін ақырына дейін жүзеге асыруға жақын маңнан өтіп бара жатқан машинаның жарығы кеселдік келтіріп, ол оқиға болған жерден бой тасалаған", - делінген хабарламада.&nbsp

Осы дерекке&nbspбайланысты "Тонау" , "Қылмысқа оқталу және қастандық жасауға оқталу", "Сексуалдық мәндегі зорлық әрекетін жасау" баптары бойынша соталды тергеу басталды.&nbsp

Жарнама
Жарнама

"Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен кісі тонап, ер адамға қатысты нәпсіқұмарлық әрекетін жүзеге асырмақ болған күдіктіге&nbspқатысты екі ай мерзімге қамауға алу&nbspтүріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға сот санкциясы берілді", - делінген&nbspҚұрманғазы аудандық сотының хабарламасында.

&nbsp
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама