Атырау облысында ер адам марихуананы емдік мақсатта пайдаланған

© Vice

Атырау облысында ер адам марихуанамен ?сталды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Оны? с?зінше, есірткіні ол емдік ма?сатта пайдалан?ан. 

Атырау облысында ер адам марихуанамен ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Оның сөзінше, есірткіні ол емдік мақсатта пайдаланған. 

Қылмыстық істің материалдары бойынша, айыпталушы 2016 жылдың тамыз айында Индер ауданындағы "Алғабас Жорық" каналының маңында 15 түп жабайы марихуана теріп алған. Оны микротолқынды пеште кептіріп, ұнтақтаған және қаптап қойған. 

"Сот отырысы кезінде айыпталушы марихуананы емдік мақсатта қолданғанын, нақты айтқанда тіс ауруын басу үшін пайдаланғанын мойындады. Осыған байланысты жазасын жеңілдетуді сұрады", - деп хабарлады Индер аудандық сотының баспасөз қызметі. 

Реклама
Реклама

Сот айыпталушыны ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша айыпты деп тауып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама