Атырау облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған сурет

Атырау облысында лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинге сілтеме жасап. 

Атырау облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросының өкілдері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының теңіз бөлімшесінің басшысының пара алғанын анықтады. 

"Ол жүйелі түрде заңсыз бекіре тұқымдас балықтарды аулау үшін теңізге шығуды қамтамасыз еткені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінде. Ақшалай соманы ол жүргізушісі арқылы алған", - деп хабарлады Нұрлан Жахин. 

Реклама
Реклама

Бөлім басшысы мен жүргізушісі кінәсін мойындады. Кінәні мойындау туралы келіссөздер жүргізілді. Сондықтан бұлтартпау шаралары қолданылмағаны айтылады. Тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама