Атырау облысында жалғызбасты зейнеткерді 100 мың теңге үшін өлтіргендер сотталды

© Ivest.kz

Атырау облысында зейнеткерді ?лтірген екі ер адам?а ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облысында зейнеткерді өлтірген екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қылмыстық істің материалы бойынша, былтыр шілдеде бұрын істі болған екі ер адам ішімдік ішкен. Арағы таусылған кезде ақша болмағандықтан, көрші үйдегі зейнеткерді тонайды. Олар зейнеткердің аздап жиғаны барын біліпті.

Қолына темір алған біреуі қарияның есігін қағады. Ер адам қарияны есікті ашқан кезде ұрып құлатқан. Мұнымен тоқтамай жерде жатқан егде адамның басынан соққылайды. Салдарынан қарт сол жерде көз жұмған. Оның қимылсыз жатқанын көргеннен кейін олар үйден 100 000 теңге мен банк картасын алып кеткен. 

Реклама
Реклама

Сотта екі айыпталуышының да кінәсі толық дәлелденді. Қарияны өлтірген ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның танысы қылмысты жасырғаны үшін үш жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама