Атырау облысында жұрттың көзінше бас имамды ұрған наиб-имам кешірім сұрады

Атырау облысында?ы Исатай ауданында ж?ртты? к?зінше бас имамды ?р?ан наиб-имам кешірім с?рады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облысындағы Исатай ауданында жұрттың көзінше бас имамды ұрған наиб-имам кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Исатай аудандық сотында мешіттің наиб имамына қатысты әкімшілік іс ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша қаралды. 

Іс материалдарына қарағанда, мешіттегі шам намазы оқылғаннан кейін мешіттің наиб имамы жұрттың көзінше бас имамның қызметіне наразылық білдірген. Бас имам бұл жанжалды ұялы телефон камерасына түсіре бастаған. Наиб иман оның бұл ісіне наразы болып, телефонды тартып алуға әрекеттенген және жанжал кезінде кеудесіне соққы жасаған. Келушілер оларды ажыратып алыпты. 

Реклама
Реклама

Ал сот отырысында наиб имам өз кінәсін мойындап, бас имамнан кешірім сұрады. Сот қаулысымен ол айыпты деп танылып, оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама