ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 мамыр 2015 13:15
Атырау облысының тұрғыны 14 жастағы қарындасын үш жыл бойы зорлап келген
Атырау облысының Қызылқоға ауданының тұрғыны өзінің қарындасын 2012 жылдан бері зорлап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 28 жастағы ер адамның отбасы бар болып шықты.
Сот өкілдерінің мәліметінше, педофил мен 2000 жылғы жәбірленуші қыз туыстық қарым-қатынаста, нақтырақ айтсақ, олар бір анадан туған. "Ер адам мас күйінде жәбірленушіні өлтіремін деп қорқытып, оның шарасыз күйін пайдалана отырып, жыныстық қатынасқа түскен. Педофил өз әрекетін үш жыл бойы жалғастырған", - делінген хабарламада.
Педофилға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот педофилға қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу