Атырау тұрғыны мас күйде жаңа полиция ғимаратының терезесін шақты

Камила Долаева Журналист
Атырау тұрғыны мас күйде жаңа полиция ғимаратының терезесін шақты

Атырау т?р?ыны эксплуатация?а дайын т?р?ан жа?а полиция ?имаратыны? терезесін ша?ты. Б?л туралы ІІД-ні? Facebook ?луметтік желісіндегі пара?шасында жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Атырау тұрғыны эксплуатацияға дайын тұрған жаңа полиция ғимаратының терезесін шақты. Бұл туралы ІІД-нің Facebook әлуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 24 тамызға қараған түні қала сыртындағы Ақсай ауылында болды. Бұзақылар жаңа полиция бөлімшесінің терезесін шаққан. 

"Мемлекет мүлкін бүлдірген атыраулық бұзақы қала тұрғындарынан кешірім сұрайды. Ол істеген қылығына өкініп, заңсыз әрекетін мастықтан жасадым дейді. Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына ("Ұсақ бұзақылық") сәйкес хаттама толтырылды . Сот шешімі бойынша, ол 12 025 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті ", - деді ІІД-дегілер.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама