Атырауда баланы ұрған тәрбиеші айыппұл арқалады

© Тұрар Қазанғапов

Атырауда Жұлдыз мөлтек ауданындағы балабақшада төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды "Мой Город".

Атырауда Жұлдыз мөлтек ауданындағы балабақшада төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды "Мой Город".

"10 шілдеде 16:00 шамасында Атырау қаласы Жұлдыз мөлтек ауданындағы балабақша тәрбиешісі жұмыс орнында кішкентай балаға қол көтерді. Осылайша, баланың денсаулығына зиян келтірген", - деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер. 

Атырау қаласы мамандандырылған әкімшілік соты балабақша тәрбиешісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. 

Реклама
Реклама

Сот үкімімен тәрбиеші әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 26 513 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуі тиіс. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама