Атырауда ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, өз-өзіне қол салмақ болған

Атырауда ер адам әйелін жарақаттап, өз-өзіне қол салмақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, кеше Атырауда ерлі-зайыптының, 43 жастағы әйел мен 53 жастағы ер адамның арасында көшеде жанжал шығып, күйеуі әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін ер адам өзіне қол жұмсамақ болды. 

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті ер адам қазір ауруханада, ол күзетте. Материал ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді. Әйел есін жимастан қайтыс болды", - деді аймақтық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Атырау облыстық ІІД өкілдері бұл оқиғаны ІІД тергеу басқармасының қызметкерлерінің тергеп жатқанын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама