Атырауда ер адамға оқ ату сәті видеоға түсіп қалған

видеодан үзінді

Атырау тұрғындары әлеуметтік желіде таралып жатқан видеоны талқылап жатыр. Видеода ер адамға оқ атылғаны және оның сол сәтте жерге құлағаны түсірілген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Атырау тұрғындары әлеуметтік желіде таралып жатқан видеоны талқылап жатыр. Видеода ер адамға оқ атылғаны және оның сол сәтте жерге құлағаны түсірілген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Қала тұрғындарының мәліметінше, оқиға қаланың орталығында, базар мен балабақшаға жақын маңда болған. Тұрғындар байбалам салып жатыр. 

Полицейлердің айтуынша, бұл оқиға Атырау қаласында таяуда болған. 

Реклама
Реклама

"Привокзальный ықшамауданындағы Баймұханов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласында 32 жастағы ер адамның өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Назымгүл Қайсағалиева. 

Осы іске қатысы бар адам ұсталған. Басқа да мәліметтер тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама