Атырауда сот автосалонды өртеніп кеткен көліктің құнын өндіріп беруге міндеттеді

© alushtaonline.com.ua

Атырауда сот автосалонды ?ртеніп кеткен к?лікті? ??нын ?ндіріп беруге міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысты? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Атырауда сот автосалонды өртеніп кеткен көліктің құнын өндіріп беруге міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік иесі Атырау қалалық сотына жүгініп, "В" ЖШС-не және "Kaspi Сақтандыру" АҚ-на өртеніп кеткен автокөлікті жаңасына ауыстыруды сұраған.

Сот барысында көлік иесінің 2016 жылдың шілде айында "УАЗ 23632-249" маркалы автокөлігін несие қаражатына алғаны анықталды. Бірақ бір ай өткен соң автокөлікте от тұтанып, түгелдей өртеніп, көлік жарамсыз болып қалған. Сақтандыру компаниясы болса, көлік иесіне сақтандыруды төлеуден бас тартқан. Сондай-ақ, компаниядағылар арызданушының автокөлікті ауыстыру жөніндегі өтінішін орындамаған.

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, өрт-техникалық сараптамасы барысында өрттің басты тұтануы мотор бөлігінде басталып, әрі қарай сымдарға жалғасу арқылы шыққаны анықталған. "Сот талаптың бүлінген көлікті жаңаға ауыстыру туралы бөлігін қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама