Атыраулық қолданушы Facebook-те былапыт сөз жазғаны үшін қамауға алынды

© SecurityLab

Facebook ?леуметтік желісінде жа?ымсыз пікірін ?алдыр?аны ?шін 4 т?улікке ?ама??а алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Исатай ауданды? сотыны? баспас?з ?ызметі ?кілдеріне сілтеме жасап.

Facebook әлеуметтік желісінде жағымсыз пікірін қалдырғаны үшін 4 тәулікке қамаққа алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.

"Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Азамат С. 2017 жылдың маусым айында "Атырау-Астрахань" тасжолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Facebook әлеуметтік желісіндегі Атырау ОІІД-нің ресми парақшасында жарияланған хабарламаға былапыт сөздер жазып, өзінің пікірін қалдырған", - делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ, сот отырысында ол кінәсін мойындап, әрекетіне өкініпті.

Реклама
Реклама

Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 тәулікке әкімшілік қамауа алынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама