Атышулы іс: ШҚО-да екі оқушы қызды өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Атышулы іс: ШҚО-да екі оқушы қызды өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Зыряновск ?аласында?ы екі о?ушы ?ызды ?лтірген Олег Яицкий ?мір бойына бас бостанды?ынан айырылды. Соттал?ан ер адам ?ыздарды ?рлап ?кетіп, зорла?аны ?шін айыптал?ан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зыряновск қаласындағы екі оқушы қызды өлтірген Олег Яицкий өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталған ер адам қыздарды ұрлап әкетіп, зорлағаны үшін айыпталған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зырян қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты сот отырысы жабық тәртіпте өтті. Олег Яицкий Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталды - адам өлтіру, зорлау, кәмелетке толмағандарды ұрлау, қарақшылық және сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер. Айта кетейік, сот отырысы ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.

"Ер адам баптарға сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емделеді. Сот күші әлі заңды күшіне енген жоқ және сот шешіміне шағым түсіруге болады", - деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Зырян қаласының жұмыссыз жүрген тұрғыны Олег Яицкий Виктория Тойкенева мен 17 жастағы Ксения Сидоринаны өлтірді деп айыпталған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама