02 желтоқсан 2021 | 09:05

"Әуелі қылғындырып, кейін тамағына темір сұғып алған"

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Марқұм Михаил Крайнов. Туыстарынан алынған сурет

Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданы Январцево ауылының 34 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданы Январцево ауылының 34 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Михаил Крайнов 2021 жылдың 23 қарашасынан бастап хабар-ошарсыз кеткен. Оның әпкесі Клавдия Крайнова бір күн бұрын ер адам жұбайымен бірге көршілерінің туған күніне кеткенін айтты. Әйелі үйге келген, Михаил тойлауға қалып қойған.

"Ер адамдардың арасында дау туындаған. Олар көршісінің ауласына барған. Дәл сол жерде кісі өлімі болған. Михаилды төрт адам ұрған. Әуелі тұншықтырып, содан кейін тамағына темір сұғып алған. Бет-аузының сау тамтығы қалмаған. Марқұм мықты еді, жалғыз адам келсе, оны жеңе алмайтын. Оның бірінші некеден бір қызы, екінші некеден бір қызы қалды", - деді марқұмның әпкесі.

Реклама
Реклама

БҚО полиция департаменті 30 қарашада Январцево ауылының маңында Жайық өзенінде із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылғанын хабарлады.

"Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері Январцево ауылының тұрғынын ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная