Аурухана палатасынан ұялы телефон ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

Аурухана палатасынан ұялы телефон ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Талдықорған полициясы аурухана палатасынан ұялы телефон ұрлаған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған полициясы аурухана палатасынан ұялы телефон ұрлаған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 22 қарашада сағат 13.00 шамасында Талдықорғандағы облыстық аурухананың терапия бөлімшесі палатасынан ұялы телефон ұрланған. Күдікті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған.

Реклама
Реклама

Ол қара қалпақ, көк джинс, ашық түсті жүнмен қапталған капюшоны бар ашық қоңыр күрте киген. Күртенің сол жақ жеңінде қара түсті түймеленетін қалталары бар. Ақ түсті спорттық аяқкиіммен жүрген.

Полиция күдіктіні таныған болсаңыз, мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 60-80-66; 8-778-310-57-60.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама