ПОДЕЛИТЬСЯ
20 ақпан 2023 | 10:28
Ауыл әкімдерін пара беруге итермелеген Антикор қызметкерлері анықталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Түркістан облысының ауыл әкімдерінен пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Түркістан облысының ауыл әкімдерінен пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімдігін тексеріп, ауылдық округтердің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен. Олардың тұрақты түрдегі талаптарынан кейін әкімшілік жұмыскерлері тексерушілерге тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейінгі қаражат беріп, пара беру дерегі бойынша ұсталған", - делінген хабарламада.
Жеті ауылдық округтің әкімдері мен әкімшіліктің бір есепшісі соттармен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру және айыппұл түріндегі жазаларға тартылған. Кейін Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы Сот оларды толығымен ақтап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдерінің іс-әрекеттерінде тікелей арандатушылық бар екенін анықтаған.
"Өз кезегінде, екі жедел өкілге қатысты Қылмыстық кодектің 362-бабы 4-бөлігімен (билiктi және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізіп, кінәларын толығымен дәлелдеп, қылмыстық іс сотқа жолданған. Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 26 қаңтардағы үкімімен ауыр санаттағы лауазымдық қылмыс жасағандары үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бұрынғы екі жедел өкілі арнайы шендерінен айырылып, әрқайсысы алты жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына тартылды. Жәбірленушілердің пайдасына моральдық залал өндірілді", - делінген хабарламада.
Үкімге сотталғандар апелляциялық шағым түсіріп, заңды күшіне енбегені атап өтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также