11 қараша 2024 | 10:03

Ауыр қылмыс жасады деген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

видео кадры

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

"Күдікті 2023 жылғы тамызда Павлодарда біреудің мүлкін зорлық-зомбылық арқылы иемдену мақсатында осы қылмысты жасау үшін танысымен қылмыстық келісімге келген.

Жоспарларын жүзеге асыру үшін күдіктілер түнгі уақытты пайдаланып, мас күйінде бұрын таныс болған жәбірленушіні қараңғы жерге апарып, есінен танып қалғанша ұрып-соғып, 200 мың теңге мөлшердегі мүлкін жымқырған. Көптеген дене жарақаттарының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сыбайластардың бірі бұған дейін 5 жылға бас бостандығынан айырылған, ал екінші айыпталушы қашып кеткен, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Биыл сәуірде ол Ресей Федерациясының Түмен қаласының аумағында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды".

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная