12 маусым 2020 | 09:26

Ауыр соққыға жығылған шымкенттік әйелдің әпкесі мән-жайды айтып берді

Фото: Іnstagram.com/nemolchi.kz

Шымкентте белгісіз біреулер өлердей қылып сабаған әйелдің туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның сөзінше, әпкесі өлімнің аузынан қалған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте белгісіз біреулер өлердей қылып сабаған әйелдің туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның сөзінше, әпкесі өлімнің аузынан қалған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Қатты соққыға жыққан, сынбаған жері жоқ. Рухани және физикалық тұрғыдан аямаған деп айтуға болады", - дейді туысы Снежана.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, әпкесін көрген кезде тану қиын болған. Қылмыс болған күні әйел жұмыстан үйіне кешкі тоғыздарға қарай қайтқан. Сол кезде аулада ер адамдар шабуыл жасаған. Қылмыскерлер есінен танғанша қинаған. Тістерін түсірген, жағын үш жерден және қабырғаларын сындырған, целлофан пакетпен қылғындырған. Оны өліп қалған екен деп ойлап, шабуыл жасағандар ағаштың бұтағымен жауып, кетіп қалған.

"Жағдайы өте жаман болды. Яғни ол көз жұмған деуге болады. Ол сөйлей алмайды, себебі аузында бірі тісі жоқ. Тамақ жей алмайды, шағым жаза алмайды. Оның күйеуі жазды, себебі қолдары да денесі сияқты көгерген. Қорғанғысы келген ғой", - деді Снежана.

Еске салайық, 26 мамырда Шымкентте әйелге қатысты қылмыс жасалды. Екі баланың анасы. Кешке үйіне жақын жерде шабуыл жасалған болатын. Оны зорлаған және өлтіргісі келген деген болжам бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная