Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің экс-орынбасары 4 жылға сотталды

Арман Құмашев. ©finpol.kz

Астанада "Алматы" аудандық соты Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының экс-орынбасары  Арман Құмашевті төрт жылға бас бостандығынан айырды, -  деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне  "сот Құмашевті 307-баптың 4-бөлімі бойынша (қызмет өкілеттілігін асыра пайдаланды) айыпты деп санап, төрт жылға бас бостандығынан айырды және мемлекеттік қызметпен айналысуына бес жылға дейін тыйым салды" - деп хабарланған.  

Бұдан бұрын мәлім болғандай  Арман Құмашев 2013 жылдың тамыз айында ұсталған болатын. Оның үстінен мемлекеттік бюджет қаржысын жымқырды деген баппен іс қозғалды.

Реклама
Реклама

Ол Қ.Сәтбаев атындағы каналға қажетті гидрокүштік құралдың бағасын көтермелеп 1,2 миллиард теңгені қолды етпек  болған.
Бұған қоса ол 6,6 миллиард бюджет қаржысын да жымқырмақ болған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама