ПОДЕЛИТЬСЯ
26 сәуір 2023 | 09:56
Автомат, мылтық және гранаталар: ҰҚК қару жасырылған қоймалар туралы айтты
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2023 жылдың басынан бері анықталған, заңсыз айналымдағы қарулар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2023 жылдың басынан бері анықталған, заңсыз айналымдағы қарулар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2023 жылдың қаңтар-сәуір аралығында ҰҚК полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен заңсыз айналымнан, соның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.
"Нәтижесінде Қазақстанның 11 облысында 268 қару тәркіленді, оның ішінде 38 "Калашников" автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш құрылғы, түрлі калибрлі 30199 оқ-дәрі, сондай-ақ қорғаныс дулығалары, кісендер, автомат оқ салғыштары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленді.
Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің негізгі бөлігін жедел уәкілдер "қоймадан" тапты: Алматы – 4, Байқоңыр – 1, Қостанай – 1, Семей – 1, Өскемен – 1, Ақтөбе облысы – 1, Алматы облысы – 3, Жамбыл облысы - 4 , Жетісу облысы - 2, Павлодар облысы - 1, Солтүстік Қазақстан облысы - 3", - деді ҰҚК өкілдері.
Сонымен қатар, Алматыда ірі көлемде заңсыз қару-жарақ айналымымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Деректер бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заңсыз айналымнан қаруды іздеу және алу жалғасып жатқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также