07 желтоқсан 2021 | 14:04

Аяусыз соққыға жығылған алматылықтың туыстары оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматы тұрғыны автотұрақ үшін ағасын аяусыз ұрған оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны автотұрақ үшін ағасын аяусыз ұрған оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 5 желтоқсанда сағат 21.00-де Алатау ауданында болған, сондай-ақ, бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккен адамның туыстары әлеуметтік желілерде видео жариялады. Олар бұл оқиға "Алматы арена" спорт кешеніне қарама-қарсы орналасқан "Алмалы" тұрғын үй кешенінің ауласында болғанын мәлімдеді.

"43 жастағы ер адам 27 жастағы ағамды ұрды. Алдымен олар көлік тұрағында ұрысып, содан кейін ер адам ағамды ойын алаңына апарып, есін жоғалтқанға дейін ұрған. Ер адам жалғыз болмаған. Қазір ағамның жағдайы ауыр. Дәрігерлер бас сүйегі сынғанын, ми контузиясын растады. Куәгерлер іздейміз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қалалық полиция департаменті бұл деректі растап, оқиғаның Ақбұлақ шағынауданында болғанын айтты.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Бұл қылмысты ашу, оның мән-жайын анықтау және кінәліні жауапкершілікке тарту мақсатында Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде арнайы жедел тергеу тобы құрылды", - деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Осы бап бойынша кінәлілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная