10 ақпан 2023 | 15:35

Әйел "көріпкелге" 119 миллион теңге төлеген: Павлодарда сот үкім шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Павлодарда сот алаяқтық жасады деген әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда сот алаяқтық жасады деген әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәліметтерді іс қаралған №2 соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сотталушы кәсіпкер әйелдің 119 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен алдап алған.

Іс материалдарына сәйкес, жергілікті кәсіпкер әйел алаяқтық құрбаны болып шықты. Сотталушы оны емші екеніне сендіріп, сеанстар өткізген.

Реклама
Реклама

2019-2020 жылдар аралығында жәбірленуші псевдоемшіге 119,5 миллион теңге төлегені атап өтілді. Жәбірленуші нәтижені көрмей, полицияға хабарласқан.

Сот отырысында прокурор айыпталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот Павлодар қаласының тұрғынын Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде алаяқтық, яғни алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру" бойынша кінәлі деп таныды. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. Жас балалардың болуына байланысты жаза мерзімі 5 жылға, яғни 2028 жылдың 9 ақпанына дейін кейінге шегерілді", - деді №2 соттың баспасөз қызметі өкілі.

Жәбірленушінің пайдасына 119 480 000 теңге мүліктік залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная