ПОДЕЛИТЬСЯ
09 сәуір 2024 | 10:38
"Әйелі тірі болар деп үміттенемін". Бишімбаевтың сотында куәгердің әкімшіге жазған хаттары оқылды
Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Bau мейрамханасында болған куәгердің әкімшімен сөйлескен хаттары оқылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Bau мейрамханасында болған куәгердің әкімшімен сөйлескен хаттары оқылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот отырысында мейрамханада құрылыс жұмыстарымен айналысқан куәгер Мейірбеков пен мекеменің Қарлығаш есімді әкімшісінің хаттары оқылды. Сағат 2:27-де куәгер директордың, яғни Бишімбаевтың қайтып оралғанын, ол әйелімен VIP-нөмірде отырғанын жазған.
"Сағат 6:35 Мейірбеков: "Суреттер ілулі тұрған қабырға, екінші жартысын бітіруге мүмкіндік болмады, Қуандық шу шығарып жатыр".
Сағат 6:56 Мейірбеков: "Терезенің бойындағы колонаны сырлап қойдық".
Сағат 6:57 Мейірбеков: "Випті" төңкеріп жатқан сияқты. Әйелі тірі болар деп үміттенемін".
Сағат 7:50 Мейірбеков: "Маски-шоу қойды. Жалаңаш кеудесіне пиджак киіп алған. Біз кетіп қалдық, не ұрып жатыр, не мүлкті қиратып жатыр".
Әкімші Қарлығаш: "Ол қалай, ішпеді ме?"
Мейірбеков: "Екеуі бірге, ес-түссіз мас.
Қарлығаш: "Оны қалай алды", - деген хат оқылды.
Куәгердің айтуынша, ол Бишімбаев Нүкенованы ұрып жатыр деп шешкен, өйткені ол VIP-кабинада қатты дыбыстарды естіген және тек Бишімбаевтың дауысы естілген.
Қуандық Бишімбаевтың сот процесін мына сілтемеден көруге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также