24 қазан 2024 | 13:04

Әйелді балаларының көзінше өлтірген: бұрынғы күйеуі сотталды

Midjourney нейрон желісі арқылы жасалған

Қарағандыда кәмелетке толмаған екі баланың көзінше бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда кәмелетке толмаған екі баланың көзінше бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындады. Прокурор оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады. Жәбірленуші тарап сотталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындауды және одан 30 миллион теңге көлемінде азаматтық талап-арыз өндіріп алуды сұрады.

"ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылсын және орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде 14 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сотталған адамнан жәбірленушінің пайдасына 20 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілсін. Үкімді азаматтық талап бөлігінде орындау, сотталушыға алты ай мерзім беру, ал орындамаған жағдайда көрсетілген соманы мәжбүрлеп өндіріп алу", - деп үкімді жариялады судья Самал Аринова.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Ол әйелді кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жарақаттаған. Күдікті мен жәбірленуші 10 жылдан аса уақыт бұрын ажырасқан, алайда ер адам бұрынғы жұбайын қудалап келген. Адам өлген түні марқұмның балалары полицияға қоңырау шалған, бірақ ер адамға тек қорғаныс нұсқамасы жазылып, оны марқұмның пәтерінде қалдырып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная