09 наурыз 2023 | 11:31

Айналымы 34 миллион доллар: Астанада заңсыз криптовалюта айырбасы әшкереленді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астанада ҚР үш азаматының "ABS Change" крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада ҚР үш азаматының "ABS Change" крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, аталған азаматтар заңсыз әрекеттерін АХҚО алаңынан тыс жерде іске асырған. Олар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін жүзеге асырды.

"Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушылардың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 миллион теңгесі тәркіленді. "Binance" платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды.

Алдын ала есеп бойынша "Binance" платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 миллион АҚШ долларын құрады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная