Айзада Авлатарованы ұрлап әкеткен адамға жаза кесілді

Айзада Авлатарованы ұрлап әкеткен адамға жаза кесілді © Tengrinews.kz

Алматы облысы Жамбыл аудандық сотында Айзада Авлатарованы ұрлап кеткен ер адамға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

46 жастағы Игорь Токарев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленді.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. 10 желтоқсанда қыз табылды. Бұл жөнінде еріктілер Facebook арқылы хабарлады. Ал Игорь Токарев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама