"Азаматтарға арналған үкімет" Рашид Аманжоловтың не себепті ұсталғанын білмейді

© opravdaem.ru

"Азаматтар?а арнал?ан ?кімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕА? осы органны? т?ра?асыны? экс-орынбасары Рашид Аманжоловты? ?амау?а алынуына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ осы органның төрағасының экс-орынбасары Рашид Аманжоловтың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аманжолов Рашид Мәжитұлы шын мәнінде 2017 жылдың 26 қаңтарында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ төрағасының орынбасары болып тағайындалған. Алайда 20 сәуірде Рашид Аманжолов еңбек келісімшартын өз қалауымен бұзып, мемлекеттік корпорациядағы жұмысын тоқтатқан. Қазіргі уақытта "Азаматтарға арналған үкіметтің" мемлекеттік корпорацияның бұрынғы қызметкеріне тағылып отырған айып жайында және оның не үшін ұсталғаны туралы мәліметі жоқ. "Азаматтарға арналған үкіметке" құқық қорғау органдарынан қандай да бір сауал түскен емес", - делінген ресми түсінікте.

Еске салайық, Астананың Есіл аудандық №2 соты 22 сәуірде Аманжолов Рашид Мәжитұлына қатысты 2 айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын таңдаған болатын.

Реклама
Реклама

Қалалық соттағылар Рашид Аманжоловтың қандай бап бойынша күдікке ілінгенін хабарламады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама