ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2021 | 15:06
"Азия Авто Қазақстан" басшысының өлімі тергеліп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында "Азия Авто Қазақстан" АҚ басшысы Антон Ненаховтың өліміне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеу "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.

Антон Ненахов 23 қыркүйекте өлі табылды. ШҚО ПД мәліметінше, осы күні Өскемен қаласы Ертіс полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша соталды тергеу бастады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын зерттеу жан-жақты, толық және объективті болуын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также