Байқоңырда мас есепші сейфтен 100 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған

© РИА Новости

Байқоңырда мас есепші сейфтен 100 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақша сақталған ғимаратқа заңды түрде кірген ол мас күйде арам ойын іске асырды. Өз әрекетін ешкім бақыламайды деп ойлаған аға есепші сейфтен 100 мың доллар мен 350 мың еуро ұрлаған. Келтірілген шығын 92 миллион теңге болды", - деп жазылған соттың баспасөз хабарламасында. 

Соттың шешімімен ер адам аса ірі көлемде ақша ұрлығын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қаулы күшіне енді. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама