13 желтоқсан 2021 | 09:03

Бақытгүл Хаменова үйқамаққа алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Бақытгүл Хаменова. © 24.kz

Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Хаменеваға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарады.

"Тергеу судьясы күдікті жалғыз басты әйел, Атырау қаласында тұрақты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, жалтармағандығын, бұрын сотты болмағанын, жалғыз өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін назарға алып, процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажет екені туралы қорытындыға келді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оған тиесілі мүлікті сату, тұрғылықты жері мен елден шығу мақсатында жол жүру билеттерін сатып алу және сол сияқты расталған деректер келтірілмеген.

Бұдан басқа, қылмыстық қудалау органы сотқа күдіктінің өз бетінше не сенім білдірген адамдары арқылы бостандықта қалып, қылмыстық процеске қатысушыларға қысым көрсету арқылы істі толық және объектив тергеп-тексеруге және оны сотта талқылауға кедергі келтіруі мүмкін екенін, сондай-ақ тергеуден және соттан жасырынуы мүмкін екенін растайтын дәлелдемелер ұсынбаған.

Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты істің мән-жайы айтылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная