ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2019 | 09:52
Балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелдің ата-анасы сот шешімімен келіспеді
Алматы балабақшасынан бала ұрламақ болғаны үшін 6 жылға сотталған Саягүл Жаңалықтың туыстары үндеу жасады. Олар сот шешімімен келіспейді, үкімге шағым түсіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы балабақшасынан бала ұрламақ болғаны үшін 6 жылға сотталған Саягүл Жаңалықтың туыстары үндеу жасады. Олар сот шешімімен келіспейді, үкімге шағым түсіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Сотталушының әкесі Дәулетхан Жаңалық сот шешімімен келіспейтінін айтты. Оның айтуынша, қызы баланың денсаулығына еш зиян келтірмеген.
"Бізде әлі 15 күн бар. Апелляция туралы ойлап отырмыз, барлығын жақсылап ойластыру керек. Сот шешімімен келіспейміз. Бала тірі, денсаулығына еш зиян келмеген. 6 жыл деген тым ауыр сияқты. Біз өзіміз де оның әрекетін түсіне алмадық, айыптаймыз, бірақ ол - біздің қызымыз, төрт қыздың үлкені. Бұрын-соңды оның басынан мұндай жағдай өтпеген", - деді сотталушының әкесі Дәулетхан Жаңалық.
Оқиға биыл шілдеде болды. Саягүл Жаңалық өзін туысымын деп таныстырып, баланы ұрламақшы болған. Кейініреконы құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады. Ол баланы ұрлап, ата-анасынан ақша талап етпекші болған. Сондай-ақ, 2018 жылы Саягүл Медеу ауданында "Үздік тәрбиеші" атағын алғаны белгілі.
Показать комментарии
Читайте также