ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2021 | 15:22
"Балаларын кепілге алған". Алматы полициясы Желідегі ақпаратқа жауап берді
Алматы полициясы ер адамның балаларын кепілге алғаны туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы полициясы ер адамның балаларын кепілге алғаны туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін саясаттанушы және қоғам қайраткері Марат Шибутов Twitter-де көршісі балаларын кепілге алғанын және полиция онымен келіссөздер жүргізіп жатқанын жазған. Кейін ол көршісін полиция алып кеткенін айтты.
Полицияның баспасөз қызметі жергілікті тұрғыннан арыз түскенін айтты. Оның сөзінше, 1984 жылы туған ер адам мас күйде отбасылық жанжал шығарған.
"Салдарынан кішкентай баласы бар әйел сыртқа шығып, полиция шақыруға мәжбүр болған. Ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді, оның әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, шаралар қабылданады. Әйел жұбайына қатысты ресми өтініш беруден бас тартты. Сонымен қатар, бұл отбасы полицияда есепте тұрмайды", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Ысқақовтың айтуынша, кепілге алынғаны туралы ақпарат расталған жоқ.
Еске салайық, 2021 жылдың мамырында СҚО-дағы отбасылық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталған болатын. Ер адам әйелін мылтықпен атып, немересін жарақаттаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также