28 шілде 2022 | 12:29

Баланы ұрған: Нұр-Сұлтанда жекеменшік балабақша тәрбиешісі жазаланды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Көрнекі фото: nvdaily.ru

Нұр-Сұлтанда баланы ұрған балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда баланы ұрған балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биылғы маусымда жеке балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланың денсаулығына жеңіл зиян келтіретін жарақат салғаны белгілі болды.

"Тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектор әкімшілік іс қозғап, тәрбиешінің әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша саралаған.

Сот отырысында құқықбұзушы, К. өз кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкінді", - деді елордалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Сот әйелді кінәлі деп танып, 15 АЕК - 45 945 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

"Бап санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде келтірілген зиынды өндіріп алуды немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді. Сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде К-нің асырауында бала бар екенін, жасаған ісіне өкінетінін ескерді.

(...) Жасалған іс-әрекеттің сипатын, асырауында 14 жасқа толмаған баласы бар кінәлі адамның жеке басын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сот айыппұл түрінде жаза тағайындады", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная