ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2020 | 11:49
"Балғамен ұрды". Шымкентте ер адам бұрынғы әйеліне шабуыл жасады деген күдікке ішлінді
Шымкентте ер адам бұрынғы әйеліне балғамен шабуыл жасады деген күдікке ішлінді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде хабарланды. Полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте ер адам бұрынғы әйеліне балғамен шабуыл жасады деген күдікке ішлінді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде хабарланды. Полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жарияланым "Не молчи" қорының парақшасында пайда болды. Оқиға зардап шеккен әйелдің досының сөзімен сипатталған.
"8 қазанда онымен бұрын бірге тұрған адам түскі сағат үште үйіне мас күйде келген. Осы кезде балалар үйде күтушімен отырған, ал ол дәріханаға шығып кеткен. Ер адам үйге барып, оның жоқ екенін көрген соң кетіп қалды, ол аулада жасырынғаны белгілі болды. Сол уақытта күтуші бірден Катяға қоңырау шалып, оның мас күйде келгенін айтты. Катя оның зиян тигізуі мүмкін екенін біліп, құрбысына қоңырау шалып, онымен бірге үйіне баруын өтінді.
Олар аулаға кіргенде ешкімді байқамаған, Катя дәретханаға, ал құрбысы күтушіні үйге жіберу үшін балаларға кеткен. Содан кейін Катяның айқайы естілген, ер адам оған бұрыштан шабуыл жасап, бір сөз айтпастан балғамен ұра бастаған. Құрбысы бірден полиция шақырған. Оны естіген ер адам қашып кетті.
Олардың бірге тұрмайтынына 1,5 жыл болды. Бұл бірінші жағдай емес. Әйел бес рет өтініш жазғанмен учаскелік полицей шара қолданбады. Әрдайым оны таба алмағанын айтады. Оның тіпті Қазақстан азаматтығы жоқ. Бірде-бір құжаты жоқ.
Құрбысының айтуынша, бұған дейін жаңа жылдық мерекелерге дейін ер адам үйге кіріп, терезелерді, есіктерді сындырып, шабуыл жасап, құрбысының қолын сындырған, ол ұзақ уақыт емделген, бірақ учаскелік полиция қызметкері бұл істі сотқа жеткізбеген", - делінген хабарламада.
Шымкент полициясы жағдайға қатысты түсінік берді.
"Биыл 8 қазанда Еңбекші аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Ол бірге тұратын ер адам мас күйде үнемі ұрып-соғып, жарақаттайтынын жазды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 110-бабы 1-бөлігі "Азаптау" бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Шымкент полициясының баспасөз қызметі өкілдері.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также