27 қыркүйек 2021 | 13:37

Балқаш тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

ІІМ өкілі қазақстандықтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ өкілі қазақстандықтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарағанды облысында Балқаш қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол үш апта бойы алдау және тәуелділік жағдайын пайдалану арқылы кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тартып, жалдамалы пәтерлерде интимдік қызмет көрсету үшін клиенттерге әкелген. Дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 134-бабы "Кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді брифингте ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі Атырау облысында тіркелген.

Реклама
Реклама

"Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны алдау және қорқыту арқылы төрт ай бойы Түркістан облысының 22 жастағы тұрғынын жезөкшелікпен айналысуға тартқаны анықталды. Күдікті оның деректерін көрсетіп интернет-ресурстарда интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыру орналастырған. Дерек бойынша 308-бабтың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Нұрмағамбетов.

Бұған дейін елордалық үш тұрғын Ақмола облысында құлдықта болғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная