11 шілде 2021 | 15:54

Балқаштағы адамшошырлық зорлық ісі: жәбірленуші "полиграфтан" өтті

Қарағанды облысының Полиция департаменті бір топ адамнан аяусыз зорлық көргенін мәлімдеген Балқаш қаласының 26 жастағы тұрғынына қатысты істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының Полиция департаменті бір топ адамнан аяусыз зорлық көргенін мәлімдеген Балқаш қаласының 26 жастағы тұрғынына қатысты істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, жәбірленушінің айғақтары полиграф арқылы тексерілген. Зерттеу барысында оның адвокаты жәбірленушімен бірге болды. Бұл процедурадан күдіктілер де өтті.

"Полиграфтың қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің айғақтары көбіне шындыққа сәйкес келмейді. Дегенмен, полиция қызметкерлері барлық қажетті сараптаманы тағайындады, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Реклама
Реклама

Өткізілген іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері істің нәтижесіне мүдделі емес алты куәгерді анықтап, жауап алды.

"Өтініш берушілер мен күдіктілердің жүріп-тұру бағыты бойынша барлық бейнебақылау камерасы тексерілді. Олар жәбірленушінің өз бетінше қозғалатынын және оның бостандығын ешкім шектемейтінін көрсетеді. Алынған нәтижелер жәбірленушінің айғақтарына қайшы келеді", - деді полиция өкілдері.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі Балқаш қаласының тұрғындарын, БАҚ өкілдері мен блогерлерді мерзімінен бұрын қорытынды жасамауға және іс бойынша түпкілікті шешімді күтуге шақырды.

Еске салайық, 7 шілдеде Балқаш қаласының 26 жастағы тұрғыны бір топ адамнан аяусыз зорлық көргенін мәлімдеген болатын. Оның оқиғасын "НеМолчи.kz" қоры әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялады. 

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Балқаш тұрғыны 23 маусымға қараған түні зорланған. Сол кеште ол балаларына айран мен нан алуға дүкенге шыққан. Алайда үйге оралмаған. Жұбайы оны туған-туыстарының, құрбылары мен таныстарының үйінен іздеген. Сөйтіп таппаған соң 25 маусымда полицияға хабарласқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная