04 ақпан 2022 | 11:31

Банкрот жөніндегі басқарушы пара алып ұсталды - ҚМА

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қостанайда банкрот жөніндегі басқарушы пара алып ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда банкрот жөніндегі басқарушы пара алып ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қостанай облысы қаржы мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті дебиторлар тізіліміне енгізілгені үшін компанияның банкрот жөніндегі басқарушысы коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан 100 миллион теңге мөлшерінде ақша талап еткенін анықтады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Агенттік мәліметінше, күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан бұрын келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.

Қостанай қаласының тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

"Коммерциялық пара алу дерегі бойынша тергеу жалғасады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная