Бақытбек Есентаев екі айға қамауға алынды

© Instagram

Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар ауданында ұсталған Бақытбек Есентаевқа "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша айып тағылды. Сотқа дейінгі тергеу Талғар аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің қызметкерлерінің өндірісінде. Осы іс бойынша тергеу ІІД Тергеу басқармасының бақылауында. 

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 10 маусымда Баян Есентаева Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ оны үш тәулікке қамады, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама