10 сәуір 2014 12:40

Барахолкадағы ірі өртке кінәлілерге үкім шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматы барахолкасында 2013 жылдың 13 қыркүйегінде болған өртке кінәлілерге үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу аудандық сот залынан.


Алматы барахолкасында 2013 жылдың 13 қыркүйегінде болған өртке кінәлілерге үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу аудандық сот залынан.

Үш адамға айып тағылған болатын, олардың екеуі сотталушылар орнында: "Олжа" сауда павильонын жалға алушы Жанат Хайранов пен "Олжа" базарының директоры Мұсағали Алдабергенов. Оларға ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат түрінде бұлтартпас шарасы қолданылған. Үшінші айыпталушы - "Жұлдыз" ЖШС директоры Закир Ма-Ван-Цханның ісі бөлек өндіріс ретінде қаралады.

Хайранов ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы - "Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе зақымдау" бойынша айыпты деп танылды. Ол базарда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген, бірақ жұмыс орнын отқа төзімді материалдармен жаппаған. Ұшқын мен қызған металл сынықтары көрші контейнерлерге тиіп, өрт шыққан. Өрт үш базардағы барлығы 294 қойма мен сауда орнын күлге айналдырды. Сот Хайрановқа үш жылға бостандығын шектеу жазасын берді.

Ал базар басшысы Алдабергеновке тағылған айып - "Өрт қауіпсіздігі ережесінің абайсызда кісі өліміне немесе басқа да ауыр салдарларға соқтырған бұзылуы". Соттың мәліметінше, ол бұл мәселені тиісті дәрежеде бақылауға алмаған. Оның әрекетсіздігінен шұғыл қызметтерге өрт туралы хабарды кеш жеткен. Ол базарды өрт техникасы жүретін жолмен, су гидранттарымен, су толы ыдыстармен қамтамасыз етпегені үшін де айыпты деп танылды. Алдабергеновке төрт жылға бостандығын шектеу туралы үкім шықты.

Өртті сөндіруге кеткен шығынды өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылмады. Зардап шеккен саудагерлердің материалдық шығынын өтеу мәселесі азаматтық тәртіппен қаралатын болады.

Еске салайық, барахолкада ірі өрт 2013 жылдың 13 қыркүйегінде болды. Жалын "Олжа" базарынан тұтанып, кейін "Аян", "Керемет", "Алатау" базарларына тараған. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртенген аудан 5400 шаршы метрден асады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети